Телефон қоңырауы. Түнгі сағат 2. - Сәлем. Мен сені сүйемін жаным. - Сәлем (күлімсіреп). - Менсіз не істеп жатырсың? Кеш қоңырау шалғаным үшін кешірші… - Жарайды, ештеңе етпес. Айдос, мен сені қатты сағындым, жұмыстан қашан келесің? - Күнім менің, аз ғана уақыт шыда, таңертең қасыңда боламын. Одан да басқа әңгіме айтшы, мен көлік жүргізіп келемін. Жұмыстан қанша шаршағаныммен, сенің даусың мені рухтандырып, күш беріп жатыр. - Әрине жаным. Іс-сапарың қалай аяқталды? Көзіме шөп салған шығарсың ә? (күлімсіреп) - Айданам менің, неге бұлай әзілдейсің? Мен сені сүйгенім сонша, айналамдағы қыз-қырқынға көз салмаймын да. Ал жұмыс бойынша біраз шаруа бітірдім, жақын арада жоғарылайтын шығармын немесе айлығымды көтеретін шығар. Ал сен қалайсың? Іштегі баламыз тебініп жатыр ма? - Иә теуіп жатыр. Не істеп қойғанымды білмеймін, қатты теуіп жатыр тыным таппай. Сенесің бе? Сенің даусыңды естігенімде ол өзі-ақ тынышталып, ұйықтай қояды. Ал сен неге түнде жолға шықтың? Ұйықтап алып, таңертең шықпадың ба? Уайымдайтын болдым ғой. - Неге уайымдайсың, жаным? Уайымдама, сені көруге асығып келе жатырмын ғой. Түсінші жарығым-ау. Көлік айдап келе жатып шыдай алмай саған телефон соғып жатырмын, шаршағанымды тәтті даусыңмен басайыншы деп. Әйтпесе ұйықтап кететін түрім бар. - Қалай уайымдамайын сені?! Жаным, сәл күте тұршы, қалалық номермен телефон соғып жатыр. Түн ішінде бұл кім екен?! Сәл күте тұр жаным. - Айдана Омарова? - Иә. Бұл кім екен? - Аға Лейтенант Өтесінов. Түнделетіп соққанымыз үшін кешірерсіз. Біздің бөлімшеге жол көлік оқиғасы болды деген хабар түсті. Көлікте болған кісінің құжаттарын тексере келе, яғни Орынбаев Айдос Серікұлы. Бұл сіздің күйеуіңіз бе? - Иә. Бірақ бұлай болуы мүмкін емес, мен онымен жаңа ғана телефон арқылы сөйлесіп отырмын ғой. - Алло, Айдос? Жауап берші! Маған соққан кісі сені көлікпен апатқа ұшарады деп жатыр. Алло?! (Арғы жақта көліктің жанып жатқан дауысы ғана естіліп жатты) - Алло? Мен Айдоспен шынымен де телефон арқылы сөйлесіп отырған едім. Бұл қалай болғаны? - Кешірерсіз, бұл мүмкін емес. Мед.Эксперттің анықтағанындай сіздің күйеуіңіз бір жарым сағат бұрын апатқа ұшарап көз жұмыпты. Өте өкінішті. Бірақ, бізге сіздің қазір келіп оның денесін қарап танығаныңыз керек. Жарын қатты сүйгені сонша, өлімді де білдірмеді ғой. Содан кейін Айдана, әр 15 Қазан күні баласымен Айдостың мазарына келіп тұрады. Ұлы Айбек өз әкесінің көшірмесі. «Сәлем, мен сені сүйемін» - бұл оның әкесінің жақсы көретін сөзі еді. Ол өзінің ата-анасының сондай ғашықтар екенін біледі және оның дүниеге келуін асыға күткенін естіп сағыныштан жылап та алады. Әкесінің мазарына әр келген сайын ол өзінің жағдайын, болашақ жоспарларын, ойыншықпен қалай ойнағандарын, өзінің салған алғашқы Голын және анасын қатты жақсы көретінін қуана айтып отырады. Айдана да ұлына қарап Айдосты есіне алып көзінен аққан жасына ие бола алмай қалып жатады. Ал құлпытас бетінде әрқашан күлімдеп, әп-әдемі 23 жастағы Айдос тұрады. Оның жасы мәңгі 23 болып қалады. Көзіндегі сезіміне дейін жеткізіп құлпытас салған шеберге рахмет. Ал құлпытастың төмен жағында: «Сен мәңгіге кеттің, бірақ әрқашан жүрегімдесің…» деп жазулы тұр. Ал Айдостың ұялы телефоны апат болған жерден әлі де табылмады. Ал Айдана әлі де күндердің бір күнінде тағы да Айдостың қоңырау шалатынына сеніп жүр…

Теги других блогов: телефон қоңырау сағат