Қараңғы бөлменің бір бұрышында бүрісіп жылап отырған Бануды ешкім басынан сипап, жылы сөздер айтып жұбатпады. Даңғарадай іші жиһазға толы, керемет үйді жылу жүйесі жылытып тұрғанмен, Банудың жанын жылытатын ешкімі жоқ. Кезінде шат күлкі кетпеген бұл бөлмелер үнсіздікке толы. Осыдан 2 ай бұрын Банудың әке-шешесі көрші ауылдағы ағайынның тойына барған еді, жолда көлік апатына ұшырап, екеуі бірдей көз жұмды. Бану бұл отбасының жалғыз қызы еді, енді отбасының жалғыз мүшесі болды. Қайғылы қазадан кейін 2 ай өтсе де, Банудың көзі құрамады. Тым болмаса жақын тартып араласатын туыстары да жоқ. Бану 11 сыныпты биыл бітіреді. Өзі ай десе аузы, күн десе көзі, талшыбықтай, қасы көзі қиылған, қазақтың қара домалақ сұлу қызы. Мектепте жігіттер қызыға, қыздар қызғана қарайды. Қолынан өнер тамған, киім пішу, тоқыма тоқуды анасынан менгерген. Анасы екеуі тіккен киімдерін тіпті таласып сатып алып жататын ауылдастары. "Өлінің артынан өлмек жоқ" емес пе, келесі күні таңертең Бану өз-өзіне келіп, болашаққа жоспары жайлы ойланды. Көрші ауылда ағайын туыстары қызды жалғыз қалдырмай өз үйіне тұруға шақырды. Бану келісе кетті. Үйін құлыптап, сатылады деген тақташа ілді. Керек-жарағын алған ол бірден автобусқа қарай тартты. Әкесінің ағайынды інісі - Мұрат аға өте ақкөңіл кісі екен. Банудың қалын сұрап, жұбатып, жақын тартып жатыр. Ал жеңгесі Сая, іші тар, кызғаншақ адам екені бірден білініп тұр. Банудың сәлемін алмастан ала көзбен бір атып, жақтырмаған даусымен шайға шақырды. Мұрат пен Саяның екі баласы бар, үлкені 5 сыныпта, кішісі 2 сыныпта оқиды. Бану жеңгесінің мінезінен сескеніп, өзі қысылып, сасып қалды. Бірақ Мұрат ағаның жылы шырайын көріп жаны қайта жай тапқандай болды. Осылай күндер өтіп жатты. Жаңа мектепке орнығып, достарына да үйренісе бастаған Бану, кішкене болса да қайғы мұңынан ажырағандай болды. Күнделікті үйдің жұмысын Сая Банудың мойнына артып қойды. Сабақтан келе сала Бану осы үйдің отынан кіріп, күлімен шығатын болды. Саяның балаларының кірін жуып, сабақтарына көмектесті. Осының кесірінен сабақ үлгерімі де нашарлап кеткен. Кешке дейін жұмыстан қолы босамайды, кешкісін шам жақса ақша кетеді деп Сая айғай салады. Бір үйдің еркесі Бануды женгесінің мұндай қылықтары қатты қиналдырды. Бірақ Мұраттың көңілін түсірмеуге тырысқан Бану бәріне көнді. Құдай оңдап үйі де жақсы бағаға сатылды. Осы ақшамен оқу орнына түсем деген үміт Бануды жетелеп жүрді. Банудың санасында болашаққа деген үміт оты жанды. Үйдің ақшасының біразын Мұрат ағанын балаларына киім кешек ойыншық алып беріп қалғанын чемоданына салып тығып қойды. Түн жарымда Саяның айқайы естілді: -Ұры, ұры түсті,ұстаңдар- деген дауысты естіген Бану жүгіріп шықты. Сая жерде Банудың чемоданын ұстап отыр екен. Банудың бар арманы үмітінің соңғы жібі үзілгендей болып жерге отыра кетті. Көзінен тамған жастары бірінен-соң бірі үзіліп жатты. Ешқандай ұры келмегені айдан анық еді. Саяның қулығы тағы да жүзеге асып кетті, әттең қолмен ұстамаған соң оны айыптауға ешқандай дәлелі жоқтығын, ешқандай дәрмені жоқтығын сезінді. Сиырының ақшасы, үйінің ақшасы, арманы, үміті, сенімі, бәрі-бәрі көкке ұшты. Тек бір апта өтпей жатып, саяның "кредитке" деп алған қымбат жиһаздары, "кредитке" деп алған қымбат тон, қымбат етігі осының дәлелі еді. Мектеп біткен соң, Бану ойланбастан қаладағы Сара деген бұрын бірге оқыған құрбысына қоңырау шалды. Қалаға жақын күндері баратынын ескертті. Сара да құрбысының келуін күтіп жүрген еді, қуана-қуана қарсы алатынын айтты. Қала. Зуылдап жатқан бітпейтін, таусылмайтын көлік. Автобустан аузы ашылып, жан-жағынан жатырқап түскен Бануды Сара алыстан ақ таныды. Тек Сараны тану мүмкін емес еді. Шашын сарыға бояп, қысқа белдемшесі желбіреп, биік өкше туфлиін анық анық басып келе жатқан қызды Бану бірден танымады. Жақындап келгенде ғана көрген ол мойнынан құшақтай алып жылап жіберді. Сара әке-шешесіне көңіл айтып, жолдың жиегінде тұрған көлікке меңзеді. Құрбысының көлік айдағанына тамсанған Бану шын жүрекпен қуанды. Екеуі Сараның пәтеріне келіп, 3-4 сағат сырласты. Бірін-бірі қатты сағынысқан құрбылар шай ішіп отырып, бір жыласып, бір күлісіп өткенді ой елегінен өткізді. Бану өкінішке орай жоғарғы оқу орнына түсе алмады. Қатты қамықты. Бірақ, бір жағынан жұмыс істеп ақша тапсам кейін оқып алармын деп те ойлады. Сара таныстары арқылы Бануды даяршы етіп жұмысқа орналастырды. Күндер, айлар өтіп жатты. Қаланың жайына үйреніскен Бану жақсы ақша таба бастады. Ақшасын Сараға беріп тұрды. Сараның өзі әнші еді. Түнделетіп мейрамхана, дәмханаларда өлең айтып нәпақасын тауып жүреді. Қалтасында әрқашан ақша жүреді. Жұмыс- үй- жұмыс. Осы екі арада ғана жүретін Бануды Сара бір көңілін сейілтіп достарымен болатын кешке алып шықпақшы болды. Сараның жүздеген көйлегінің ішінен ең әдемісін кигізіп, бояндырып еді Бану керемет жайнап шыға келді. Алғашында келіспей қойған оны құрбасы күштеп үйінен шығарды. Сараның достары өзі сияқты ашық жарқын екен. Кезек-кезек ән салып, көңілді отырды. Бану да енді үйренісе бастады. Әшейінде ауыз жаппас Нұрлан бұл жолы бәрін таңқалдырды. Аузына сөз түспей, қысылып отырды. Бұның себебін бәрі түсінді ау деймін, бірден Вальс қойды. Нұрлан Бануға жақындап келіп биге шақырды. Екеуі бұл биді үнсіз биледі. Бірін бірінен ұялып бір қызарып, бір бозарып тіл қатыспады. Нұрлан- әнші жігіт, өте сымбатты, сыпайы, нағыз ер жігіт екен. Негізі Сара екеуі "НұрСара" атты дуэт құрған. Бірге көптеген тойларда елдің батасын алып, керемет дауыстарымен тамсандырып келеді. Ал Сара сырттай Нұрланға ғашық. Бұны Нұрлан сезеді, бірақ Сараның қыңыр мінезін онша ұнатпайтын еді. Енді міне, бір көргеннен Банудың сұлулығына, биязылығына байланып қалған Нұрланның көзінен махаббат ұшқыны байқалды. Сара да бұны байқап, қызғанып, іші оттай күйіп жүр. Мектеп кезінде де Сара ұнатқан жігіттер Бануға көңілдерін білдіруші еді. Тағы да солай болды. Бану да білдірмегенмен Нұрланды бірден ұнатып қалды. Кеш біткен сон Сара мен Бануды Нұрлан шығарып салды. Сараның Бануға деген көңілі суып кетті, бұрынғы қайырымды Сара енді жоқ. Киімін қызғанып, болмашы нәрсеге сөйлеп, қабақ шытатынды шығарды. Бірақ махаббаттың торына іліккен Бану оған мән де бермеді. Арман мен қиялда ұшып жүрді. Бану мен Нұрланның арасында махаббат өрбіді. Күнделікті кездесіп,айлы түндерде қала көшелерін кезетін болды. Нұрлан домбарасын әкеліп: -Банужан, екеуміз үйленгенде саған беташар жырын өзім шырқаймын, тыңда міне, былай, тұра тұр бетіңді мынамен жаба тұр деп киімін жауып қойып "Айт келін ау, айт келін......." деп шырқай жөнелетін. Көшедегілер таңырқап та, тамсанап та қарап өтетін. Бану киімнің астанда ішек сілесі қатып күліп отырады. Құшақ құшақ гүлге Бануды қарық қылды. Екеуі ғашықтар көлінде жүзді. Дүниедегі болып жатқан жағдайларға қарамады, бейне бір басқа әлемде сияқты. Сара болса Бануды жек көргені соншалықты, тіптен одан құтылудың жолын қарастыра бастаған еді. 8 наурыз еді. Нұрлан Бануды кешкі 8 де орталық паркке шақырды. Өкінішке орай қаланы білмейтін Бану Сарадан көмек сұрады. Осыны пайдаланған Сара ойланбастан басқа парктың мекен жайын сызып берді. Әдемі киініп, дайындалып Бану кездесуге шықты. Саябаққа келген Бану кіреберіс есікте ұзақ күтіп қалды. Бір сағат, екі, үш сағат өтті. Нұрлан келмеді. Қараңғы түсіп қалған еді бұл кезде. Ал Сара бұл кезде Нұрланға телефон шалып Банудың басқа жігітпен кетіп қалғанын, оған сатқындық жасағанын айтты. Нұрланның қызғаныштан көзі қарауытып, естігеннің бәрін шын көріп тұрды. Бану қатты тоңып, көзінен жасы тамшылап подьезга жақындап келе жатты. Нұрланға ашуланып, бір жағынан бір нәрсеге ұшырап қалды ма деген ой көңілінен кетпеді. Кенет бұрылыстан шамын жақпай ұшып шыққан көлік оны қақты да кетті. Көзін ашса палатада жатыр екен. Жанында медбикеден басқа ешкім жоқ. Аяқтары қатты ауырып тұр. Жай басын көтеріп қарап еді, есінен танып кала жаздады. Екі аяғын кесіп тастапты тізеден. Бар даусымен айғайлап жылай бастап еді, медбике құшақтап жуатты. Қайтсын жанында демеу болар ешкім жоқ. Медбикенің аяныш сезімі еріксі қызды құшақтап жылы сөздер атқызды. Аспан жерге түскендей, бүкіл әлем одан теріс айналғандай еді. Бір апта жатты, осы бір аптаның ішінде ешкім келмегені жанына батты. Әттең әке-шешем ай, жанымда болсаңдар, жылы құшақтарыңмен жылытар едіңдер. Мейірімдеріңді сағындым, неге? неге? неге мен? Бір кезде мейірбике сүйінші сұрағандай: -Бану, жігітіңіз кеп тұр- деді. Өз құлағына өзі сенбеген Бану ұшып тұрайын деді, бірақ аяғын көріп көңілі қайта түсті. Палатаға кірген Нұрлан Банудың жанына ақырын жайғасты. Бану қуанып қолынан ұстайын деп еді Нұрлан қолын тарта қойды да: -Қалайсың?-деді -Өзің көріп тұрсың ғой- деп Бану жылап жіберді. - Кешір Бану, мен қоштасуға келдім- деген Нұрланның сөздері жығылғанға жұдырық болды. Кішкене болса да жанына жұбаныш іздеген Банудың жүрегі қақ айрылды. Нұрланының соншалықты қатыгез екені ойы түгүл түсіне кірмеген еді. -Кешір ата-анама сау келін керек қой, сен де мені түсінші- деді. Бану үн қатпады. Терезеге тесіліп қарап жатты. Көзінің жасын сүртті де: -Кете бер, бақытты бол- деп нақ-нақ жауап берді. Осыны күткендей Нұрлан тұрды да шығып кетті. Бану бұдан соң жыламады. Қайта бұндай сатқыннан дер кезінде құтылғанына тәуба деді. Екі аптада соң дәрігерлер қыздың жағдайын біліп, мүгедектер арбасын тауп берді. Ауруханадан арбамен шыққан қыз бірден Сараның үйіне тартты. Сара есігін ашты да: -Ренжіме Бану, мынау киімдерің, менімен бірге тұра алмайсың, саған бір адам қарау керек қой- деді кемсітіп. Бану Сарадан осыны күткен еді. Себебі оны Сараның көлігі қаққанын сезген. Киімдерінің арасынан тек керектілерін теріп алайын, көтере алмаспын деп ойлаған Бану, киімдерін ақтарып отырып анасы екеуі тіккен көйлектерді көріп, көңілі босап кетті. Бар ішіндегі жиналған қайғысын көйлекті бетіне басып отырып жылап шығарып алды. Бұны көріп тұрған Сара еш аяушылық танытпады. Қайта Нұрланға қолы жететінін сезініп, қуанып тұрды. Тіккен киімдерін Бану Орталық базардың алдына жайып қойды. Мүмкін мүгедек тіккен көйлектерді біреу аяп сатып алатын шығар деп ойлады. Негізі осы отырысына өзі қатты қынжылды. Киімдеріне мән беріп жатқан ешкім жоқ, бірақ сұлу қыздың бұл отырысы көбісінің көңілін жабырқатты. Кеш те батып қалған. Қалтасындағы азын аулақ тиынға жақын жерден барып ыстық нан алып келейін деп арбасының дөңгелегін айналдырып кетті. Нанын алып келе жатыр еді, оның киімдеріне бір өте сымбатты, қымбат киінген үлкен келіншек тамсана қарап тұрғанын байқады. Жанына ұшып келіп -Апай бірдеңе іздедіңіз ба, ұнады ма?- деп алғашқы жақындаған адамына қуанып кетті. -Бұл дүниелерді кім тікті, кім тоқыды?- деді. -Мынаны мамам, мынаны мен....- деп мақтаныш сезіммен көрсетіп жатыр еді. Майра сүйсініп: -Менің салоныма жұмыс істейсің ба?-деді. Алланың өзі жіберген бір мүмкіндік екенін түсінген Бану куанып кетті. Салоны керемет екен, іші үлкен, Майраның қоластында 6 қыз жұмыс істейді екен. Тек байлар киінетін салон ау шамасы. Бану бірден тігілген, пішілген киімдерді қызықтап кетті. Майра Бануға таза киім беріп, қызды жөніне келтірді. Бірден жалақысын келісіп алды. Бірақ қазыр Бану жалақыны ойлап тұрған жоқ. Қалай Базарда түнеймін деген қорқыныштан құтылғанына қуанып отыр. Майра өте ақкөңіл, қайырымды келіншек. Жалғыз ұлы бар. Ол шетелде дәрігер боп жұмыс істейді екен. Бануды қызындай көріп кетті. Банудың да қолынан өнер тамып тұр емес пе, оның тіккен бұйымдарына сұраныс та артып, Майраның ісі оңға басты. Майра ұлы Сабитті әуежайдан күтіп алды. Жолай болған оқиғаларды, Бану жайлы бәрін айтып берді. Келе салып Сәбит Банумен танысуға асықты. Себебі өзі дәріген болған соң әрқашан қолұшын беріге асығып тұратын. Банудың сұлулығына тәнті болған Сәбит бірден шетелдегі қызметтестеріне хабарласып, Бануға протез аяқ салдыруға келісті. Бұндай мейірімділікті бұрын-соңды көрмеген Бану, бұл кісілерге шексіз риза еді. Бір айдан соң Бану мен Сәбир Израильға ұшты. Ол жақта 3 апта болып, қайта Қазақстанға аяқтан еш айырмашылығы көрінбейтін, білінбейтін жасанды аяқпен қайтқан Бану бақытты еді. Бір-біріне бауыр басып қалған екеуі қалай ұнатып қалғандарын да байқамай қалды. Сондықтан Сәбит Бануға үйленуге ұсыныс жасағанда ол ойланбастан келісті. Тойға да аз күн қалды. Тамада таңдап отырған Бану газет бетіндегі Сара мен Нұрланның суреттерін көзі шалып қалды. Сәбиттің оның еркелігін көтеретінін білген Бану: -Тойымызға екі тамада жалдайықшы-деп өтінді. Сәбит Банудың айтқанын екі етпейтін. Бану Сара мен Нұрланды және тағы бір тамаданы жалдап қойды. Той да басталды. Керемет көліктен, өзі тіккен керемет көйлегімен түскен Бану шын бақытты еді. Мейрамханаға кірерде бетін фатамен жауып алды. Фатанын арғы жағында Нұрлан қолына домбырасын ұстап дайын тұр екен. Жанына келген Банудың бетін ашуға құлшынып: -айт келін, ау, айт келін .....- деп сайрай жөнелді. Таныс дауыс, таныс ырғақ. Банудың есіне сол кездер түсті. Бірақ өкініш жоқ, ол жай ғана мағынасыз естеліктер еді. - Осы отырған ағайынға бір сәлем- деп шабыты тасып тұрған Нұрлан домбырамен фатаны көтерді. Ар жағынан сұлулыққа тұнып тұрған Бануды көргенде суық суды бастан аяқ құйып жзібергендей сезінді. Өкініш өзегін өртеп, бозарып, қатты қынжылды. Сара да құрбысының қандай дәрежеге жеткенін байқап аузы ашылып тұрып қалды. Оның қолынан жұлқып ұстаған Нұрлан киініп сыртқа шығып кетті. Ол кезде Сәбит пен Бану Бақыт вальсында айналып жатқан еді.